Аудиторлық қызметтердің құны

Аудиторлық қызметтердің құны мынадай факторлардың негізінде айқындалады:

  • аудиттің түрі мен оның мақсаттары — міндетті немесе бастамашылық;
  • қызметінің сипаттамасы: құжат айналымы, бір айдағы операциялар саны, филиалдар мен оқшауланған бөлімшелердің болуы; қызметкерлер саны, бөлімшелердің аумақтық орналасуы;
  • кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны;
  • бухгалтерлік және басқа құжаттардың жай-күйі;
  • есепті автоматтандыру деңгейі;
  • тексеру барысында қол жеткізілуі тиіс қосымша міндеттер мен мақсаттардың болуы.

Аудиторлық қызметтердің құны мен мерзімдерін есептеу процесін жеделдету үшін Сізге қажетті аудиторлық қызметтердің көлемін бағалауға және қаржылық есептілік аудитін жүргізуге және ілеспе қызметтерді ұсынуға кететін уақытты анықтауға арналған әлеуетті тапсырыс берушінің сауалнамасын жүктеу және толтыру қажет.

Сауалнамада қажетті ақпарат көрсетіледі немесе тиісті ұяшыққа белгі қою арқылы ұсынылған нұсқалардың бірі таңдалады.

Толтырылған сауалнаманы бізге факс арқылы + 7 (727) 250 47 83 немесе электрондық пошта арқылы audit@efs.kz жіберуге болады.

Сіз толтырған сауалнама негізінде біздің команда егжей-тегжейлі баға ұсынысын дайындайды, бұл шешім қабылдау кезінде сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Көмегіңіз үшін алдын ала рахмет.