«KRESTON KAZAKHSTAN» ЖШС аудиторлық компаниясы

Жұмыс істеген жылдар ішінде біздің компаниямыз өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындары, оқу орындары, денсаулық сақтау объектілері, коммуналдық меншік және мәдениет объектілері, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар бар экономиканың әртүрлі салаларында қызмет көрсетудің бай тәжірибесіне қол жеткізді, сондай-ақ көптеген оң пікірлерге ие болды.

Біздің компания өз қызметкерлерінің кәсіби білімдерін жүйелі түрде арттырып отырады (ҚЕХС, ҰҚЕС, салық заңнамасы, аудит стандарттары және басқа да құзыреттер), қызметкерлер арасында фирмаішілік кәсіби білім және тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Компания күн сайын кәсіби мерзімді басылымдарға және әдістемелік әдебиеттерге мониторинг жүргізеді, қызметкерлер үнемі жаңартылып отыратын анықтамалық-құқықтық жүйелермен жұмыс істейді.

Қазақстанда аудит стандарттары заңнама деңгейінде қабылданған. Компания аудит стандарттары мен аудиттің негізгі қағидаттарын: тәуелсіздікті, адалдықты, объективтілікті, кәсіби құзыреттілікті сақтай отырып жұмыс істейді. Өз клиенттерімізден алатын ақпараттың құпиялылығын қатаң сақтау біздің жұмысымыздың маңызды кепілдіктерінің бірі болып табылады. Біз өзімізді сенім мен құрметке ие ірі, орта және шағын бизнес өкілдерінің сенімді серіктесі ретінде көрсете білдік.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «KRESTON KAZAKHSTAN» ЖШС-нің аудиторлық қызметі «НСК» АҚ-да сақтандырылған.

1994
Құрылу күні
«Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС аудиторлық компаниясы 1994 жылғы 18 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының нарығында табысты жұмыс істеп келеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық біліктілік талаптарына сәйкес келетінін растайды.
1999
1999 жылғы 27 желтоқсанда «Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС аудиторлық компаниясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен мемлекеттік лицензия алды.
2007
2007 жылғы 29 сәуірден бастап «Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС аудиторлық компаниясы «Аудиторлар алқасы» кәсіби аудиторлық ұйымының auditors.kz толық мүшесі болып табылады.
2014
2014 жылғы 17 қарашада «Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС аудиторлық компаниясы халықаралық деңгейге шығып Kreston International халықаралық ағылшын аудиторлық желісінің толық құқықты мүшесі болды www.kreston.com.

2016
2016 жылы «Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы өз есіктерін ашты.

2022
2022 жылғы 20 сәуірде «Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС компаниясы өз атауын «KRESTON KAZAKHSTAN» ЖШС атауына өзгертті. «KRESTON KAZAKHSTAN» ЖШС Қазақстан Республикасындағы аудиторлық компаниялардың халықаралық желісі Kreston International-дың жалғыз өкілі болып табылады. Аудиторлық компания үш жылда бір рет аудиторлық қызметтің сапасын және кәсіби этиканы, аудиторлық компания ұсынатын аудит қызметтерін тексеруден өтуге міндетті.

«KRESTON KAZAKHSTAN» ЖШС аудиторлық қызметтің сапасын және кәсіби этиканы сақтауды тексеруден сәтті өтті, бұл «Аудиторлар алқасы» кәсіби аудиторлық ұйымы 2022 жылғы 29 сәуірде берген № 10-3КК-2022 қорытындысымен расталды. Kreston International-дың негізі 1971 жылы қаланған және әлемдегі ең ірі аудиторлық компаниялардың қатарына кіреді. Kreston International өз өкілдері-желі мүшелерінің арқасында бүкіл әлем бойынша сапалы қызметтерге сенімді және ыңғайлы қолжетімділікті ұсынады. Бізбен жұмыс істей отырып, сіз Kreston International-дың халықаралық кәсіби, кадрлық және коммуникациялық ресурстарына қол жеткізесіз. Бұл Сізге бүкіл әлем бойынша клиенттерге қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын қолданатын, жергілікті білімі мен тәжірибесі бар мамандардан өз бизнесініңіз үшін кәсіби қызметтер алуға мүмкіндік береді. Kreston International аудиторлық компаниялар желісі туралы толық ақпаратты www.kreston.com мекенжайы бойынша ала аласыз.

«Біздің команда қазақстандық заңнамамен халықаралық тәсілдер мен талаптарды кәсіби үйлестіре алатын жоғары білікті аудиторлардан, сертификатталған бухгалтерлерден және экономистерден тұрады.

Командамыздың жұмыс істеу принципі – бұл тұрақты біліктілікті арттыру.

Жамила Турахметовна Ешниязова

«Еуразиялық қаржы қызметі» ЖШС аудиторлық компаниясының жалғыз құрылтайшысы және директоры,

ҚР аудиторларын даярлау жөніндегі «Аудиторлар алқасының» Біліктілік комиссиясының төрағасы Мемлекеттік лицензия Аудиторлар алқасының куәлігі.

State license
Certificate of the Board of Auditors