Міндетті аудит
Міндетті аудит - кәсіпорындардың қаржылық есептілігі мен бухгалтерлік есебін жүргізуді жыл сайын, міндетті, аудиторлық тексеру.
Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.
Бастамашылық аудит
Кез-келген компания бизнесте үлкен жетістіктерге жету үшін барлық ішкі процестерді, сондай-ақ өзінің бухгалтерлік жұмысын дұрыс бақылауы керек.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйым арасында аудит жүргізуге арналған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Мұндай тексерудің мақсаты бухгалтерлік есептің немесе оның жекелеген бөлімдерінің жай-күйін бақылау және талдау, қаржылық есептіліктің жай-күйін анықтау, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және т. б. болып табылады.
Бастамашылық аудит кешенді де, тақырыптық та болуы мүмкін. Тақырыптық аудит кезінде есепке алудың жекелеген бөлімдері мен учаскелері ғана бақылауға және талдауға жатады.
Тексеру тереңдігі әр түрлі болуы мүмкін: бастапқы құжаттардан бастап есепке алу деректерін толық және үздіксіз тексеру, активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу, бастапқы есепке алу деректерін немесе тек есеп регистрлері мен есептіліктеріндегі деректерді ғана ішінара тексеру.
Егер бастамашылық аудит кешенді болса, онда ол жоғарыда аталған барлық мақсаттарды қамтиды.
Тәжірибе көрсеткендей, аудиторға уақытылы жүгінбеу үлкен қаржылық шығындарға әкеледі және форс-мажорлық шараларды қажет етеді, нәтижесінде жоспарланбаған шығындар туындайды. Уақытылы жүргізілген аудит қазіргі уақытта да, болашақта да осы шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Арнайы тапсырма бойынша қаржылық аудит
Арнайы тапсырмалар бойынша қаржылық аудит есептіліктің жекелеген баптарын тексеру түрінде жүргізіледі, мысалы: дебиторлық және кредиторлық берешектердің жай-күйі, материалдық-өндірістік қорлардың, негізгі құралдардың болуы және жай-күйі.
Мерзімді (қайталанатын) қаржылық аудит
Мерзімді (қайталанатын) қаржылық аудит кәсіпорында жыл сайынғы негізде де, әр тоқсанның (жартыжылдықтың) нәтижелері бойынша да жүргізіледі. Бұл аудитор мен клиент арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға, экономикалық субъектіге және оның қызметіне объективті баға беруге мүмкіндік береді.
Артықшылықтары:Біріншіден, тоқсандық аудитпен анықталған бухгалтерлік қателерді келесі тоқсанда, яғни ағымдағы есептік жылда түзетуге болады. Әдістемелік қателерді уақытылы анықтау және түзету әсіресе маңызды, аталған қателердің салдарлары ұйым үшін айтарлықтай елеулі болып табылады.
Екіншіден, тексерудің сапасы айтарлықтай артады, өйткені тоқсандық аудит кезінде Тапсырыс берушімен жалпы жұмыс уақыты бір жылдық аудит уақытынан асып түседі және онда қарқынды тексеру кестесі болмайды.